A place where you need to follow for what happening in world cup

Елімізде мәйіттерді пышақ тигізбей зерттейтін жүйе енгізіледі

0 25

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда виртуалды аутопсия енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Виртуалды аутопсияны» енгізу жоспарлануда. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі, — деді министр.

Сондай-ақ министр жасанды интеллектті пайдалана отырып, «Е-сараптама 2.0″ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет екенін айтты. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.