A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоқаев Солтүстік Македония президентіне көңіл айтты

0 23

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза болды.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.