A place where you need to follow for what happening in world cup

Шымбұлақ маңында қар көшкіні жүрді: бір адам қаза тапты

0 27

Алматы тауларында қар көшкінінен шаңғышы қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


17 наурызда Алматы ТЖД 112 пультіне «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының диспетчерінен курорттан бір шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы маңында көшкін жүргені туралы хабарлама түскен.

Нақтыланған ақпарат бойынша бұл Нунатак көлі маңындағы Талғар асуында болған. Үш шаңғышы тыйым салынған жерде шаңғы тепкен.

«Үшеуі де көшкін астында қалған. Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшінші адамды «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты. Зардап шеккендердің жеке басы анықталады», — деді Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті өкілі.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.