A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты

0 22
Сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сарыөзек гарнизонында далалық жаттығу барысында мерзімді қызметтегі сарбаз атыс қаруынан оқ тиіп, қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан орын алған,

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталып кетті. Қайғылы оқиғаға қатысты ҚР Құрлық әскерлері ресми мәлімдеме жариялады. Онда қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсеткені және қызметтік міндеттерін толық көлемде орындағаны айтылады.

 «2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды»,  делінген хабарламада

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.