A place where you need to follow for what happening in world cup

Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жүлдеге іліне алмады

0 22
Қазақстан ерлер құрамасы жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады

Бұл күндері  Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Қарсыластары — Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Ширек финалда қазақстандық хоккейшілер Словакияға 1:2 есебімен жол берді.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте алтыншы орынға тұрақтады.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.