A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған

0 16

Алматыдағы Жетісу ауданында жасөспірімдер тобы мұз айдынында қызды соққыға жықты,

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталып, олар полицияға жеткізілген.

«Жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың ата-аналары балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған видеода жасөспірімдердің жерде жатқан қызды ұрып-соққаны көрсетілген.

Сондай-ақ, желідегі ақпаратқа сәйкес, соққыға жығылған қыз көптеген жарақат алған, оның ішінде қабырғалары сынған, миы шайқалып, брекеті зақымданған.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.