A place where you need to follow for what happening in world cup

Атырауда полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған жігітті шатырдан түсіріп алды

0 19

Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLISIA.KZ мәліметіне сілтеме жасап.

1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.

«Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.