A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ұлыбританияға жұмыс визасын жасаймыз»: Тараздық ЖҚО қызметкерлерінің алаяқтық схемасы

0 22

Олар 76 адамнан 31 миллион теңгеден астам қаражат жинап алған

 

 Таразда жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері сотталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Тараз қалалық №2 соты шешім шығарған.

“Екі алаяқ тұрғындарға Ұлыбритания фермаларына жұмысқа орналасу үшін құжаттар мен виза алып береміз деп уәде берген. 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін қылмыскерлер 31 миллион теңгеден астам сомаға 76 адамды алдаған. Зардап шеккендердің ешқайсысы жұмыс орындарына орналаспаған. Сот күдіктілерді кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Оларға жұмысқа орналасуға байланысты кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда қызметпен айналысуға 3 жылға тыйым салынады», –  делінген сот хабарламасында.

Сот күдіктілерге қатысты бір жағдайда дәлелдемелердің жоқтығынан растап, тағы тоғыз арызды негізсіз деп қабылдамаған. Қалған 66 жәбірленушіге алаяқтардың ақшаны қайтаруы міндеттелген.

 

Жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.